• USD/KZT
    0.0
  • EUR/KZT
    0.0
  • RUB/KZT
    0.0
  • CNY/KZT
    0.0

Бас прокуратура пәтер алаяқтарының ең көп тараған әдістері туралы айтты   

Алматы. 17 мамыр. Ақпараттар орталығы. Соңғы кездері Қазақстанда пәтер алаяқтары жиілеп кетті,  деп мәлім етті ҚР Бас прокуратурасының 2-ші Департамент Басқармасының аға прокуроры Самат Бұдықов.
 
2015 жылы республика бойынша пәтерлерді және үйлерді сатумен байланысты алаяқтықтың 700-ден астам фактісі тіркелген. Ағымдағы жылдың 3 айы ішінде осындай сипаттағы фактілер бойынша 519 сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмысы басталды.

«Алаяқтардың тапқырлығы мен «клиенттердің» сенімділігіне сәйкес тұрғын үйлерге қатысты алаяқтық әдістері сан түрлі. Мұндай әдістердің кең тарағаны – пәтерді нарықтық бағадан төмен бағаға сату», - деді С. Бұдықов.
 
Мысалы Шығыс Қазақстан облысында Б. есімді азаматша бұқаралық ақпарат құралдарында және инернет сайттарында банкілерде кепілде тұрған пәтерлерді сатып алу және оларды нарықтық бағадан төмен бағаларға сату туралы хабарландырулар берген.

Өз қызметінің заңды болып көрінуі үшін және азаматтарды жаңылдыру мақсатында олармен  нысаналы мақсаты «пәтерді сатып алу» деп көрсетілген нотариалды куәландырылған қарыз шарттарын жасасқан. Сонымен қоса шарт бойынша азаматтарда ұсынылып отырған пәтерлерді өз бетімен көруге және мемлекеттік органдардан пәтерлердің тіркелуі мен кімге тиесілі екені жөнінде ақпарат сұратып алуға құқығы болмаған.

Нәтижесінде Б. есімді азаматша тоқсан екі жәбірленушіге жалпы сомасы 371 млн. теңге көлемінде материалдық залал келтірді.Бұл заңсыз әрекеттері үшін Өскемен қаласы сотының үкімі бойынша Б. есімді азаматша мүлкін тәркілеу және 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесіліп, оған жазасын жалпы режимдегі түзеу колониясында өтеу тағайындалды.

Басқа жағдайларда алаяқтар мемлекеттік бағдарламалар бойынша үй алуға көмек береміз деген уәдемен жәбірленушілерден алдау жолымен ірі сомалар алып отырған.

Орал қалалық сотының үкімі бойынша мүлкін тәркілеу және әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасымен 5 әйел адам сотталды.

Бұл әйелдер тобы өздерін жылжымайтын мүлікті сату жөніндегі менеджерлер ретінде таныстырып, мемлекеттік бағдарлама бойынша арзан пәтерлерді сатып алуға жәрдемдесуге уәде берген. Ақшаны беру қарыз шартымен рәсімделеді. Нәтижесінде ақша да жоқ, пәтер де жоқ.

Бұл әдісті алаяқтар бір жыл бойы қолданып келген, олар елуден астам азаматты алдап, әрқайсысына 30 бен 50 мың АҚШ доллары көлемінде залал келтірген. 2015 жылы алаяқтардың құрығына түскен азаматтар құқық қорғау органдарына шағымдана бастаған уақытта олардың қылмыстық әрекеттері тоқтатылды. Қазіргі уақытта кінәлілер сотталды, алайда залал толығымен өтелген жоқ.

Бұл алаяқтықтың бірнеше түрі ғана, ал қазіргі заманда олардың түрлері өте көп.

«Сондықтан, жылжымайтын мүлікке қатысты мәміле жоспарлау барысында, әр адам өзін алаяқтардан қорғау туралы ойлануы керек.

Ол үшін жылжымайтын мүлік объектісінің бағасына назар аударған жөн, өйткені пәтерлер тым арзанға сатылмайды», - деді ол.

Сонымен қатар, құжаттарға назар аудару қажет. Барлық құжаттар рет-ретімен толық болуы керек және сізге мәміле алдында берілуі міндетті. Сонымен қатар барлық жағдайда құжаттардың түпнұсқасын талап етіңіздер.

Оставлять комментарии могут только авторизованные пользователи. Авторизируйтесь или зарегистрируйтесь чтобы оставить комментарии.

ru Полицейские призывают граждан к бдительности при покупке и аренде квартир

ru Жители мкр Ерменсай Алматы просят привлечь к ответственности за постоянные

ru Возобновляется прямое авиасообщение с Оманом

ru Глава государства заслушал отчет о ликвидации последствий паводков и ходе

ru Премьер-Министр поручил к 1 июня устранить недоработки в обеспечении летнего

ru Хищение бюджетных средств выявлено в детских садах города Жанаозен

ru Токаев посетил посольство Ирана в Казахстане

kz Патриоттық сезім әр жанның бойынан табылады

ru МВД обратилось к выпускникам и их родителям

ru Глава государства принял председателя Национального собрания Турции Нумана Куртулмуша

ru Ерулан Жамаубаев назначен советником президента

ru Президент Ирана Эбрахим Раиси погиб при крушении вертолета

ru Общегородская сейсмотренировка пройдет в Алматы 21 мая

ru Землетрясение в 2 балла произошло в Алматы

ru Пострадавшим от паводков аграриям возместят ущерб

ru Касым-Жомарту Токаеву подарили торт

ru Невероятное спасение ребенка полицейскими попало на видео в Таразе

ru Завершено расследование в отношении председателя Комитета рыбного хозяйства МСХ РК

ru Предприниматель Ануарбек Джексенгалиев приговорен к 6,8 годам за легализацию преступных

ru Автомобиль провалился в яму на трассе Атырау-Индер

ru Прокуроры Алматы вернули земли природного парка «Медеу»

ru Сквер на месте снесенного СИЗО появится в Алматы

ru Мужчина умер в полицейской машине в Жезказгане

ru Более 90 преступлений раскрыто четвероногими полицейскими Алматинской области

ru Казахстан и Китай договорились об оказании взаимной правовой помощи

ru Нурлан Ногаев освобожден от должности акима

ru Незаконно построенный магазин сносят в Алматы

ru НПП «Атамекен» и АФМ достигли соглашения о мерах по защите

ru АО «КазТрансГаз Аймак» провел ребрендинг и стал «QAZAQGAZ AIMAQ»

ru Вор, орудовавший в мечетях, задержан в Алматы